С.Ахметов бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінген қаржының игерілуін қамтамасыз етуді жүктеді

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Республикалық бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері жыл соңына дейін бөлінген бюджет қаражатының игерілуін қамтамасыз етуі тиіс. 
None
None

Бүгін еліміздің ағымдағы жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай деді.

«Мен бәрін тізіп айтпай-ақ қояйын, сіздер бұл жайында жақсы білесіздер. Әсіресе, министрлер. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері жыл соңына дейін бөлінген бюджеттік қаражаттың игерілуін қамтамасыз етуі тиіс. Болат Бидахметұлы (Қаржы министрі) сіз осы мәселені қатаң бақылауға алуға тиістісіз», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр азық-түлік бағасына мониторинг жүргізу, жылу маусымында жылумен қамтамасыз ету мәселелері барынша өзекті болатындығын ескертіп өтті. 

Соңғы жаңалықтар