С.Ахметов ісінде Қарағанды әкімі 200 млн. теңге көлеміндегі материалдық шығын туралы мәлімдеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылған Серік Ахметов пен өзге де Қарағанды облысының бұрынғы лауазымды тұлғаларының қылмыстық ісінде 200 млн. теңгеден астам материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық шағым жасады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Шағым сот алдындағы тергеу кезінде түспеген, ол бізге пошта арқылы келді. Қарағанды әкімі қылмыстық құқықбұзушылық арқылы келтірілген мүліктік залалды өтеу бойынша сотқа шағым түсірді», - деді төрағалық етуші судья Исламхан Есенбаев.

Азаматтық шағымда облыс орталығында жарықтандыру тірегін орнату ісіне қатысты залал көрсетілген. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл жұмысқа «Сталь Цинк» ЖШС кәсіпорны тартылған. Оның негізін қалағандардың бірі - С.Ахметовтің ұлы.

Тағылған айыпқа сәйкес, жұмысқа ақша көтеріңкі бағамен төленген. «Айыпталушылар жасаған бұл қылмыс салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 201 млн. 947 мың 426 теңге болатын залал келтірілді», - делінген шағымда.

Қарағанды әкімі бұл соманы айыпталушылардан өтеуді сұрады.

Сотталушылар бұл шағыммен келіспеді. «Бұл шағым уақытынан бұрын және заңсыз жасалып отыр деп есептеймін», - деді Қарағанды облысының экс-әкімі Б.Әбдішев.

Соңғы жаңалықтар