С.Ахметов Президентке ОҚО-дағы су тасқыны салдарын жою жұмыстары туралы баяндады

  АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындылары және су тасқыны салдарын жою үшін қолға алынған шаралар туралы баяндады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.   
None
None

- Жалпы алып қарағанда, апатқа облыстың 9 ауданы ұшырап отыр. Қазір 10 000 адам, 700 бірлік техника, соның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жұмылдырылған. Әкім тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданды. Қазір біз су ағынының бағытына мониторинг жүргізіп отырмыз. Суды Сырдарияға ығыстыру ұлғайтылды. Оның үстіне, біз дала жұмыстары мен фермерлер үшін суды Көксарай мен Сырдарияда сақтасақ деп отырмыз, - деді С. Ахметов.      

Нұрсұлтан Назарбаев барлық әлеуетті қауіпті өңірлерге мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті.

- Біз су ағыны қайдан пайда болғанын, оның жолында қандай елді мекендер тұрғанын білуіміз керек. Біз ол жерлер қауіпті екенін адамдарға ертерек ескертуіміз қажет. Тиісті шараларды қабылдамағандар, Үкімет тарапынан қолдау болады деп есептеулеріне құқықтары жоқ. Әлемде осылай жасалады. Мемлекеттің мүмкіндіктері шектеулі. Біз, әрине, көмектесетін боламыз, алайда әркім өз қамын ойлауы керек. Әлемдік тәжрибені зерттеп, сақтандыру компаниясын құру қажет. Тек оңтүстікте ғана емес, сондай-ақ өзге өңірлерде де қажетті шараларды қабылдау керек, - деп атап өтті Президент.

Қазіргі уақытта облыстың 20 селолық окургіндегі 53 елді мекенді су алып кеткен. Сондай-ақ 428 үй және 7 әлеуметтік мақсаттағы нысанды су басқан. Соның салдарынан 418 отбасы (2260 адам) ол жерлерден көшірілді. Апаттық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде облыс бойынша 20 қорғау ғимараты қалпына келтіріліп, 15 шақырымы тұрғызылды. 240 мың қап арналар мен арықтардың жағасын су шайып кетпес үшін пайдаланылды. Сонымен қатар, 99 селолық округте және өңірдегі 226 елді мекенде апаттық-құтқару және алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары сондай-ақ Мемлекет басшысына әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігі бойынша қаржылық ресурстарға фермерлердің қолжетімділігін кеңейту, бірыңғай астық холдингісін құру, астықты сақтау сыйымдылығын  ұлғайту және көлік логистикасын дамыту бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамытудың салалық бағдарламасына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстар туралы баяндады. Бұдан басқа, шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуды жаңғырту, мал азығы өндірісі, тауарлы балық өсіру, аграрлық ғылымды реформалау жөнінде өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ С. Ахметов Президентті электр энергетикасын дамыту және «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыру жайынан хабардар етті.

Қазіргі кезде 2030 жылға дейінгі электр энергетикасы саласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, қуаттылық рыногын енгізу жөнінде заңнамаға түзету дайындалды. Балқаш ЖЭС және Екібастұз СЭС-2 энергиялық блогының жобаларын іске асыру оңтүстік өңірлердегі энергияға деген тапшылықтың орнын толтырады.

«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша негізгі 6 бағыт анықталды: жергілікті атқарушы органдар тарапынан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы тұрғын үй құрылысын іске асыру, кезектегілер үшін арендалық тұрғын үй құрылысы, жеке тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдық құрылыс, жас отбасылар үшін арендалық тұрғын үй құрылысы, «Самұрық-Қазына» ӘҚ» АҚ желісі бойыша тұрғын үй құрылысы. 2014 жылы мемлекеттік қолдау есебінен барлығы 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Ал тек 2012 жылы бюджеттен 42,4 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

Бұдан басқа, С. Ахметов Мемлекет басшысын Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2020 жылдарға аналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы хабардар етті.   

Соңғы жаңалықтар