17:18, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
С.Ахметов Шаға ауылының көшірілген тұрғындарымен кездесті
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының аясында ҚР бірінші вице-премьері Серік Ахметов су басқан Шаға ауылының көшірілген тұрғындары жайғасқан орта мектепке барды.

С.Ахметов тұрғындармен сөйлесіп, оларды қандай мәселелер толғандыратынын сұрады. Тұрғындар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа уақытылы көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді. Олар үйлерінің дүлей апатқа ұшыраған қиын кезінде ыстық тамақ, киім қамтамасыз етіліп, уақытша тұруға арналған барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті.
Мектепке шамамен 100 адам орналастырылды, негізінен бұлар - әйелдер, балалар және егде адамдар.