12:56, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
С.Ахметов ҮИИД аясында іске қосылған кәсіпорындардың жобалық қуатына шығуын ерекше бақылауға алуды тапсырды
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындардың өз уақытында жобалық қуатына шығуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

«Іске қосылған нысандардың жоспарлы нәтижеге, қуатына дер уақытында шығу мәселесі шешімін таппай отыр. Әрине, бұл индустрияландырудың бірінші бесжылдығын жүзеге асыруда Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындауға әсер етеді», - деді С.Ахметов бүгін Үкімет отырысында.
Осыған орай Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға, облыстар мен Алматы, Астана қалаларының әкімдеріне, сонымен қатар ұйымдарға бұл мәселені ерекше бақылауға алуды және бағдарламаның мақсатты индикаторларының орындалуы үшін сапалы мониторингті қамтамасыз етуді тапсырды.