С.Ахметов Жаңаөзен мұнай компанияларының жұмысшыларымен және кәсіпкерлермен кездесті

ЖАҢАӨЗЕН. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов пен облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджанов Жаңаөзен қаласындағы мұнай компанияларының жұмысшыларымен және кәсіпкерлермен кездесті.
None
None

Жұмысшыларды еңбекке орналасуға, несиелерді қайта құрылымдау, екінші деңгейдегі банктердегі несиелер бойынша өсімдер мен айыппұлдарды төлеуге қатысты сұрақтар қызықтырды. Жаппай тәртіпсіздік барысында зардап шеккен кәсіпкерлер келтірілген зақым үшін өтемақы төлеу мерзімдері туралы сұрады.

Бірінші вице-премьер мен облыс әкімі барлық сұрақтардың Үкімет бақылауында тұрғанын және жақын уақытта шешілетінін айтты. Қазір қалада жылу және су-кәріз жүйелердің, тазалау жабдықтарының жаңғыртылуы жүріп, жаңадан құрылған кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар