S&P халықаралық рейтинг агенттігі «ДАМУ» Қорының «ВВВ/А-2» деңгейін қуаттады

Ал Қордың «жағымсыз» деңгейіне қатысты жасалған өзгерістер оның дербес кредиттік деңгейінің болжамын көрсетеді. Сонымен қатар «Даму» қорының ұлттық шәкіл бойынша «kzAA+» деңгейі де расталып отыр. Бұл туралы «Даму» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.
«Қордың Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен дамуын қолдауға бағытталған «Бәйтерек» компаниялар тобының стратегиясын іске асыратын «негізгі» құрылымға айналуы, сонымен қатар егер қорда қаржылай қиындықтар туындаған жағдайда ҚР Үкіметінің оған дер кезінде «сөзсіз» қолдау көрсететіндігі туралы көзқарас «Даму» қорының деңгейін қуаттай түседі», - деп хабарлайды агенттік.
Рейтинг агенттігі қордың мемлекетпен «берік» байланысын да назарға алып отыр, өйткені Қордың 100% акциясы мемлекетке тиесілі әрі капиталға жүйелі түрде құйылатын қолдау алып отырады.
S&P сондай-ақ Қорды Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған стратегияны іске асыруда негізгі құрал санатында ел Үкіметі үшін «аса маңызды» рөлге ие деп есептейді.
«Сонымен қатар сарапшылар «Бәйтерек» тобының құрамындағы Қазақстанның шағын және орта бизнесін дамытуға ықпал етуші негізгі ұйым болғандықтан «Даму» қорының рейтингін Қазақстан Республикасындағы дербес кредиттік рейтинг деңгейіне теңестіріп отыр. Осыған байланысты қордың қажет болған жағдайда Үкіметтен уақытылы ерекше қолдау алуға мүмкіндігі «мейлінше жоғары» болып табылады, - делінген S&P баспасөз хабарламасында.
S&P сонымен қатар «Даму» қорының табыстылығы мен қаржыландыру көрсеткішін «өте күшті» деп бағалайды. Олардың бағалауы бойынша, көрсеткіштер Қордың капиталдандыру мен ықтимал шығындарды жоюға қатысты сындарлы саясат ұстап отырғанын аңғартады.
«Даму» Қорының әлеуметтік қызметтерді атқаруына байланысты табысты түрлендіру мүмкіндігі «орташа» деп бағаланады. Дегенмен 2014 жылғы активтердің тиімділігі (ROA; 1,9%) мен капитал тиімділігінң (ROE; 5,1%) көрсеткіштері қазақстандық орта шамадағы коммерциялық банктер көрсеткішіне сәйкес келіп отыр», - делінген S&P баспасөз хабарламасында.
Осылайша S&P бағалау сипаттамалары «Даму» қорының өзіндік кредит өтеушілік деңгейін (stand-alone credit-profile - SACP) «B+» деңгейінде бағалайды. Бұл коммерциялық банктермен байланысты оның тәуекелдікке ұшырағыштығын, сондай-ақ Азия даму банкінен алынған қарыз бен мемлекеттік қаржыландыруға ие ресурстық базаларының шоғырлануын көрсетеді.