15:03, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Сəуірге дейін 115 павильонның құрылысы толық аяқталады - ЭКСПО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айының соңына дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын 115 елдік павильонының құрылысы толық аяқталады.

Бұл туралы бүгін журналистерге "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ халықаралық қатысушылармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Илья Оразақов мəлім етті.
"Көрмеге қатысатын 115 елдің 113-іне павильондары тапсырылды. 12 елдің павильоны тапсыруға дайын тұр деуге болады. Айдың соңына дейін 115 елдің барлығына павильондарын тапсырып қоямыз",-деді департамент директоры.
Оның айтуынша, егер ЭКСПО компаниясы қолынан келгенінше, қатысушы елдердің кез келген ниет-тілегі орындалауға тырысады. "Алайда, егер қатысушы елдердің сұрауы қауіпті болса, онда өтінішті қанағаттандыра алмаймыз",- дейді Оразақов.
Айта кетейік, бүгін ЭКСПО компаниясында Қытай мен Австрия елдерінің павильондары табысталды.