Сабыр Рахымов атындағы республикалық мектеп-интернат өзінің 25 жылдығын атап өтті

Әскери мектеп-интернат ұлттық кадрларды тәрбиелеу үшін құрылған болатын. Бүгінгі күнге дейін мектеп 2700 түлекті ұшырды. «Мектептің басты міндеті - әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін шыныққан, сауатты жігіттерді дайындау. Біздің түлектеріміз республикамыздың ғана емес, жақын және алыс шетелдердің әскери жоғары оқу орындарында білім алуда», дейді республикалық мектеп-интернаттың директоры Ұлықпан Башенов.
Мектепті мерейтойымен Қорғаныс министрлігінің, әкімдіктің өкілдері, әр жылдардағы интернат түлектері құттықтады. Олардың көбісі бүгінде - қазақстандық армияның кадрлық офицерлері.
Мерейтой құрметіне түлектер Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Үздік курсанттар құрмет грамоталарымен марапатталды.