11:37, 29 Шілде 2012 | GMT +5
Садақ тартудан Италияның ерлер құрамасы - Олимпиада чемпионы
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Садақ тартудан Италия құрамасы Лондонда өтіп жатқан жазғы ойындарда Олимпиада чемпионы атанды.

Құрамында Мауро Несполи, Марко Галиаццо және Микеле Франгилли бар итальяндық құрама Lord's Cricket Ground аренасында өткен ақтық сайыста АҚШ құрамасын (Брэйди Эллисон, Джейк Камински және Джейкоб Вуки) 219:218 есебімен жеңіп кетті.
Ал қола награда Бейжің олимпидасының жеңімпаздары, әлемдік (233) және олимпиадалық рекордтың иегерлері (227) Оңтүстік Корея құрамасына бұйырды. Олар үшінші орын үшін өткен тартысты сайыста мексикалықтарды 224:219 есебімен жеңді.