Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін бокстан ХVІ халықаралық турнир басталды

АТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін бокстан ХVІ халықаралық турнир басталды.
None
None

Дәстүрлі турнирді ҚР ҚМ Орталық спорт клубы - Спорт комитеті Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының қолдауымен 9-14 мамыр аралығында өткізеді. Байрақты бәсеке Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің 19 жылдығына, Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналып отыр.

Аталған турнир 2003 жылы жасөспірімдер арасында өткен болатын. Сол жылдан бастап еліміздегі негізгі бокс жарысына айналды. 2007 жылы АІВА Азиялық күнтізбесіне қосылды. Осы дода елімізге танымал былғары қолғап шеберлері, ұлттық құраманың мүшелері, еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы капитан Галиб Жапаровқа, Сиднейдегі Олимпиадалық ойындар мен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, еңбек сіңірген спорт шебері аға лейтенант Мұхтархан Ділдәбековке, еңбек сіңірген спорт шебері, екі мәрте әлем чемпионы, Азия чемпионы, 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы аға лейтенант Серік Сәпиевке, еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, әлем кубогінің жеңімпазы, Азия чемпионы Ердос Жаңабергеновке, әлемдік дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының жеңімпазы, әлем чемпионатының жеңімпазы сержант Біржан Жақыповқа, еңбек сіңірген спорт шебері, Қытайдағы Олимпиадалық ойындардың жеңімпазы, қатардағы жауынгер Еркебұлан Шыналиевке, әлемдік дәрежедегі спорт шебері, Азия Чемпионатының жеңімпазы Мейірман Рахымжановқа, сондай-ақ еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Геннадий Головкинге, еңбек сіңірген спорт шебері, 2004 жылғы Олимпиадалық ойындардың чемпионы Бақтияр Артаевқа үлкен боксқа жолдама берген болатын.

Турнирдің тұрақты қонақтары арасында бокстың ардагерлері, сонымен қатар Кеңес Одағының чемпионы, спорт шебері, еңбек сіңірген спорт шебері, әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы, бірнеше Олимпиадалық ойындарға қатысушы Михаил Юрченко бар.

Бүгінгі жарысқа Серік Әбдіналиев, Борис Цхвирашвили, Елеусіз Дүйсеков, Василий Батурин, Хамит Бараев, Берік Қасымханов сынды төрешілер төрелік етеді.

Соңғы жаңалықтар