Сағынтаев сумен жабдықтау саласын тәртіпке келтіруді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев сумен жабдықтау саласын тәртіпке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Су құбырларын пайдалану барынша өзекті мәселе. Бір жағдайда Қазсушаруашылығы, келесіде жеке, үшіншісінде коммуналдық кәсіпорын жұмыс істейді. Қайсысы дұрыс екендігін білу үшін мұны сараптап, әкімдермен кеңесу қажет шығар? Бір қолға беру керек пе әлде қазіргідей қалдырған дұрыс па? Дегемен, бұл ретте тиімділігін қараған жөн», - деді ол.

Оның айтуынша, республика бойынша құбырлар тартылып, су берілгенімен белгілі бір уақыттан кейін олардың істен шығып жататындығын айтты. 

«Дұрыс пайдаланылмағаннан кейін істен шығады, ал оны жөндейтін, қайта қалпына келтіретін ешкім жоқ. Содан кейін біз халықтың «ақша жұмсалды, су қайда» деген әділ наразылығына тап боламыз»,- деді Премьер-Министр.

 Үкімет басшысы су тарифіне қатысты мәселелерге де айрықша назар аударды.

«Егер су бұруды алып қарар болсақ, Таразда су бұру не бәрі 8 теңге ғана.  8 теңгемен не істеуге болады? Қандай жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін, жалақыға әрең жететін шығар», - деді ол.

Оның айтуынша, мәселен, Қарағандыда су бұру тарифі 96 теңгені құрайды.

«Дегенмен, бұл ретте су бұру тарифі 8 теңге және 96 теңге болған жағдайдағы құбырлардың жай-күйін қарау қажет. Мүмкін күтіп ұстауға (құбырларды) 8 теңге де жеткілікті шығар. Тарифті бекітер кезде мұны да қарастырған жөн», - деді Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар