Сақтандыру компаниясы жылқымен соқтығысқан көлік иесіне 680 мың теңге төледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық сақтандыру компаниясы жылқымен соқтығысқан көлік иесіне 680 мың теңге төледі. Жол апаты Қапшағай-Бақанас тас жолының 43 шақырымында болған. Көлік бір үйір жылқының ішіне кіріп кеткен.
None
None

«Соғылу салдарынан біраз жылқы жараланып, көлікке мехникалық зақым келген. Малдың иесі оқиға орнында болмаған. Аталған көлік жол апатынан, ұрлықтан, өрт пен өзге тұлғалардың келтірген зияндығынан сақтандырылған. Сондықтан компания 680 000 теңге көлемінде сақтандыру төлемін төледі», - деді компаниядан.

Айта кету керек, тәжірибеде мұндай оқиға жиі кездеседі. Көптеген сақтандыру компаниялары жылқымен соғылуды сақтандыру жағдайына жатқызбайды.

2015 жылдың басынан бастап Қазақстан сақтандыру компаниялары АвтоКаско бойынша 2,7 млрд. теңге төледі. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 21,7 пайызға артық.

Ең ірі төлем 1 көлікке 3,4 млн. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар