Сақтық күшейтіледі: биыл Іле-Алатауы ұлттық паркінде 5 рет өрт шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Іле-Алатауы ұлттық паркінде орман өртінің алдын алу ережелерін бұзған 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биыл Іле-Алатауы ұлттық паркінде 5 рет өрт шықты
Фото: «Қазәуеорманқорғау»

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің станция бастығы Ербол Темірбековтың айтуынша, 200 мың гектардан астам аумақты қамтитын паркте 2025 жылдың басынан бері 5 орман өрті тіркелген. Жалпы өртенген алаң — 0,0083 гектар.

— Парктің өрт сөндіру бөлімдерінің әрқайсысында 8 адамнан тұратын 4 топ құрылып, жалпы саны 32 адам, арнаулы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Өрттің алдын алу мақсатында 228 шақырым өртке қарсы жолдар жөнделді, 78 шақырым минералданған жолақтар тазартылды, 22 бақылау мұнарасы мен сонша тікұшақ алаңы орнатылды, — деді ол.

Биыл Іле-Алатауы ұлттық паркінде 5 рет өрт шықты
Фото: «Қазәуеорманқорғау»

Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлар адам бара алмайтын қиын аумақтарды барлау үшін 131 қызметтік атпен қамтамасыз етілген.

— Орман өртінің алдын алу ережелерін бұзған 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл сомасы — 8,7 млн теңге. Ұлттық парк инспекторлары қоқыс жинаумен айналыспайды, сондықтан демалушыларды тазалық сақтап, қоқыс тастамауға шақырамыз, — деді Ербол Темірбеков.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында демалыс күндері 42 гектар құрғақ шөп өртенгенін жазғанбыз.

«Қазәуеорманқорғау»

Соңғы жаңалықтар