«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында өмір сүру ұзақтығы 68,4 жасқа жетті
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жылғы алдын ала қорытындыларымен таныстырды», деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жалпы республикада барлық негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер байқалады. 2011 жылдың 10 айында бала туу көрсеткіші 0,4 пайызға артып, өлім-жітім 1,8 пайызға төмендеп, табиғи өсім 1,7 пайызды құрады. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру арқасында өмір сүру ұзақтығы 68,4 жасқа жетті.
Ағымдағы жылы ана мен бала денсаулығын қорғау басым бағыт ретінде анықталды. Елімізде әйелдер мен балаларды профилактикалық тексеру, иммунопрофилактика жүйелі негізде жүргізілуде. Атқарылған іс-шаралар ана мен бала өлім-жітімін тұрақты түрде төмендетуге мүмкіндік берді. Ана өлім-жітімі көрсеткіші 1,4 есе, бала өлім-жітімі 1,1 есе төмендеді. Жалпы бұл көрсеткіш бойынша еліміздің барлық өңірінде төмендеу үрдісі байқалады.
Тиімді кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтер құру нәтижесінде қан айналымы жүйесі аурулары 5 пайызға жуық төмендеп, осы аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 20 пайызға азайды.
2011 жылдың 11 айында тұрғындардың туберкулезбен ауыру көрсеткіші 10 пайызға туберкулезден болатын өлім-жітім 21 пайызға төмендеді.
Онкологиялық көмекті жақсарту шеңберінде мақсатты топтарға профилактикалық тексерулер жүргізу арқылы қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға және диагностикалау мен емдеудің прогрессивтік әдістемелерін қолдануға басымдық берілуде. Нәтижесінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісік ауруларын анықтау 1,2 пайызға жақсарып, өлім-жітім 6,5 пайызға төмендеді. Жалпы, ағымдағы жылы саланың алдына қойылған барлық міндеттер, сондай-ақ Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі арасында 2011 жылға арналған Меморандумда көрсетілген мақсаттық индикаторларға жетудегі барлық міндеттемелер орындалды. Алдағы жылы барлық бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатын болады.