Салидат Қайырбекова Қостанай облысындағы денсаулық сақтау нысандарын аралады

деп хабарлады pm.kz сайты.
Ол аудандық аурухананы аралап, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жайымен танысты. Бұдан басқа «Дені сау сәбилер бөлмесін», операция жасайтын блокты аралады, клиентттермен сөйлесті.
Ал Бірінші май ауылында С. Қайырбекова дәрігерлік амбулаторияда болды. Сондай-ақ күндізгі стационарлық бөлімді көрді.
Ертең, 5 наурызда министр жұмыс сапарын одан әрі жалғастырады. Қостанайда ол бірнеше денсаулық сақтау нысандарын аралап, сала мамандарының қатысуымен кеңес өткізеді.
Атап айтар болсақ, министр іс-сапарының басты мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы Қазақстан халқына арналған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Жолдауында жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуын, сонымен қатар ағымдағы жылдың 27 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сыни ескертпелерді ескере отырып, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау.