Салық декларациясында өзінің сауда ғимаратын көрсетпеген ауыл әкімі жазаға тартылды - Атырау облысы

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысында ауыл әкімі салық декларациясында сауда ғимаратын көрсетпегені үшін қомақты сома айыппұл төлейтін болды.
None
None

Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Исатай аудандық прокуратурасымен аудандық салық басқармасы қызметінде мемлекеттік қызметшілермен және олардың жұбайларымен табыс етілген жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларациялардың толықтығына тексеру жүргізілді. Атап айтқанда, Исатай ауданы Исатай селолық округінің әкімі Ж.Ғұбашұлы салық декларациясында өзінің меншігі ретінде тіркелген сауда ғимаратын көрсетпеген. Сол себептен, аудандық соттың 28.01.2013 жылғы қаулысымен Ж.Ғұбашұлы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 532 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 100 АЕК, яғни 173 100 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген», - делінген хабарламада.

Жалпы, прокурорлық тексеру нәтижесімен 9 тұлға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 557 900 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар