Салықтан жалтару үшін заңды тұлғалар қайта құру схемасын жиі қолданып жатыр - Есеп комитеті

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Салықтық міндеттемелерден жалтарғысы келген заңды тұлғалар қайта құру схемаларын белсенді қолданып жатқаны байқалады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде Үкіметтің 2012 жылғы республикалық бюджетті атқаруына қорытынды жөнінде баяндама жасаған Есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин мәлім етті.
None
None

Есеп комитеті төрағасының айтуынша, қолданыстағы салық заңнамасы мен салықтық әкімшілендірудің тиімсіздігі бірқатар олқылықтардың орын алуына жол ашып отыр. «Мәселен, заңды тұлғалар қайта құру жүйесін белсенді түрде қолданып, осының арқасында салықтық міндеттемелерден жалтаратын болған. Атап айтқанда, Есеп комитетінің бағалауынша және біз тексерістен өткізген 6 жағдай бойынша мұндай тәсілді қолдану нәтижесінде орын алған республикалық бюджеттің шығыны 10,5 миллиард теңгені құрады. Бұның ішінде әкімшілендіру сапасының төмендігініне байланысты келтірілген залал - 3,3 миллиард теңге болып отыр», - дейді комитет төрағасы А. Мусин.

Соңғы жаңалықтар