Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі өз деңгейінде емес - А. Мусин

«Жалпылама алып қарасақ, салықтық түсімдер бойынша көрсеткіштер орындалды. Алайда, салықтық әкімшілендірудің тиімділігі әлі де жеткілікті деңгейде емес. Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер сомасы 25,6 миллиард теңгеге кеміді. Негізінен ішкі өндіріс тауарларына қосымша құн салығы 74,5 миллиард теңгеге немесе 35,7 пайызға, ал корпоративтік табыс салығы 37,6 миллиард теңгеге немесе 5,5 пайызға кем болды. Қосымша құн салығының артуына байланысты қайтарылған сома 2011 жылмен салыстырғанда 144,7 миллиард теңгеге артып, 451 миллиард теңгені құрады», - дейді А.Мусин.
Бұдан бөлек, Есеп комитетінің төрағасының айтуынша, жеңілдетілген тәртіп қолданылатын және мониторингке жататын ірі салық төлеушілер бойынша қосымша құн салығының артуы бойынша қайтарылған сома 196,9 миллиард теңгені құраған. «Алайда, салық органдары олардың негіздемелерін тексеруді тәуекелді басқару жүйесін қолданусыз жүзеге асырып келеді. Бұл өз кезегінде бюджеттің «жоғалуына» соғып жатыр», - дейді комитет төрағасы.