«Самұрық-Энерго» компаниясын ІРО-ға шығармас бұрын тарифтік өзгерістер жасалуы керек - Е. Бахмутова

«Жақында «Халықтық ІРО» мәселесі бойынша Үкіметтің қаулысына өзгертулер енгізіліп, осы бағдарламаға шығарылатын компаниялар мен акциялар тізімі нақтыланды. Дайындығы жеткілікті болса, келесі жылы «Самұрық-Энерго» компаниясын шығару көзделеді. Ал 2016 жылға қарай «Қазақстан темір жолы» мен «ҚазАтомӨнеркәсіп» компанияларының монитарлы акциялар пакетін шығару көзделеді», - деді Е. Бахмутова.
Оның айтуынша, «Самұрық-Энерго» компаниясын Қор биржасына шығармас бұрын қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу қажет.
«Ең бастысы тарифтік өзгерістер керек. Өйткені, болжанатын тарифтік саясат болмайынша, компанияның қызмет нәтижелерін де алдын ала бағалау мүмкін емес, ал онсыз ІРО-ға акция шығаруға болмайды. Сондықтан да, бұл бағытта Үкіметтік деңгейде жұмыстар атқарылуда, ондай жұмыстар жақын аралықта аяқталады деп сенеміз. Сосын біз ІРО-ға шығару аясында дайындықтың келесі кезеңіне көшетін боламыз», - деді Е. Бахмутова.