16:10, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» ӘАҚ басшысы Жаңаөзен бизнесмендерімен қалада кәсіпкерлікті дамыту арнайы жоспарын талқылайды
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы, Жаңаөзен қаласындағы проблемаларды шешу жөніндегі үкіметтік комиссияның басшысы Өмірзақ Шөкеев қала бизнесмендерімен кездеседі, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«Кездесуде 2012-2014 жылдарға арналған Жаңаөзендегі кәсіпкерлікті дамыту арнайы жоспары талқыланады», - делінген баспасөз хабарламасында.