«Самұрық-Қазына» қоры Назарбаев Университетінің ғылыми бағдарламаларына демеуші болуға дайын

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Назарбаев Университетінің ғылыми бағдарламаларына демеуші болуға дайын.

Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» атты инновациялық форумда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишимбаев мәлім етті.

«Біз Қазақстанда пайда болған екінші кластерді көріп отырмыз. Бұл - Астанадағы Назарбаев Университеті. Біздер екі бағыт бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Біріншіден, біз холдинг, сонымен қатар жекелеген ұлттық компаниялар аясында университеттің ғылыми бағдарламаларын қорландыруға, демеуші болуға дайынбыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, екіншіден, қор ұлттық компанияларға қажетті техникалық мамандықтар бойынша магистрант және докторант кадрлар дайындауға қатысатын болады.

«Біз бірінші кезекте инженерлік кадрлар туралы айтып отырмыз. Қазіргі уақытта бұл бағдарлама қалыптасу үдерісінде», - деді Қ.Бишимбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram