«Самұрық-Қазына» қорымен дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында алған қаражатты қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз - Үміт Шаяхметова

АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-cы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақстан халық банкі» АҚ дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан алған қаражаттың белгілі бір бөлігін қайтаруға қазіргі таңда дайын.
None
None

Оны банктің Басқарма төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Онда 60 миллиард теңге көлеміндегі қысқа мерзімдік депозиттер мен дағдарыс жағдайында қолдау мақсатында банк капиталына енгізілген қаражатты қайтару жайы талқыланып жатыр. Оның нақты детальдарын жақын арада арнайы хабарлайтын боламыз», дейді «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова. Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан өткен жылы дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында берілген қаражат банкке үлкен көмек болды. Сондай-ақ банк заемшыларына өз септігін тигізді.

2009 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 27 миллиард теңге сомасында банктің жай акцияларын және 33,1 миллиард теңгеге артықшылықты акцияларын сатып алған болатын. Бұл банктің меншікті капиталының 47,1 пайзыға өсіп, 281 миллиард теңгеге жетуіне өз ықпалын тигізді.

Соңғы жаңалықтар