«Самұрық-Қазына» қорының басшысы «жазғы Азиялық Давосқа» қатысуда
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов экономиканы қалпына келтірудегі мемлекеттік институттың рольдері мен орнықты даму тетіктерін пайдалану арқылы болашақ экономикалық өсуіне арналған сессияда баяндама жасайды деп күтілуде.
Жазғы Давос форумының аясында сондай-ақ, Қазақстандағы үдемелі индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты азиялық корпорациялардың басшыларымен кездесулер жоспарланып отыр, сондай-ақ инвесторларға елімізде жасалып отырған мүмкіндіктер таныстырылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік экономикалық форум 2007 жылдан бастап Қытайда жаңа әлем жетекшілерінің жылдық кеңесі - «жазғы Давос» форумын өткізіп келеді. Бұл форумның мақсаты - «қалыптасушы жаһандық компаниялар» үшін проблемаларды талқылау және корпорациялар арасында тәжірибелер алмасу жөніндегі платформалар құру болып табылады.
Форум аясында, ертең, қыркүйектің 14-інде Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Бейжіңдегі өкілдігі кеңсесінің ресми ашылуы болады.