«Самұрық-Қазына»: Таяу уақытта доллар бағамы тұрақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық валютасы 2016 жылы тұрақталады. Мұндай болжам «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Зерттеулер мен білімдерді басқару департаментінің бірінші ашық талдау есебінде жария етілді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
None
None

«Доллар-теңге орташа айырбастау бағамы 2016 жылы 355 шамасында болады деп күтілуде», - делінген қордың Зерттеулер мен білімдерді басқару департаментінің есебінде.

Еске сала кетсек, қорда жаңа ұйымдастыру үлгісін енгізумен бірге Стратегия және қоржынды басқару бөлімінде зерттеулермен айналысатын команда құрылған.

Бұл топтың міндеті - дәйекті инвестициялық және стратегиялық шешімдерді қабылдау мақсатында қордың компаниялар тобын сапалы зерттеулер мен талдау материалдармен қамтамасыз ету.

Алдағы 25-26 мамыр күндері Астана экономикалық форумы барысында мұнай бағасының өзгеруі, Қытай экономикасының өсімі сынды мәселелерге қатысты зерттеулер мен есептерден үзінділер баршаның назарға ұсынылады.

Аталмыш талдаудың қысқаша нұсқасымен қордың ресми сайтында танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар