«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Алматы қаласындағы өзекті мәселелерді шешуге қатысуды жалғастырады - Тимур Құлыбаев

АЛМАТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен әріптестікті дамыту мәселесіне арналған кеңес өтті.
None
None

Кеңес барысында үлескерлер мәселесі, құрылыс, қаланы газбен және энергетикамен қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алудағы қзақстандық үлесті арттыру мәселесі сөз болды.

«Алматы әкімдігімен бұған дейін бірлесе жүзеге асырып келген жобаларды одан ары жалғастыруға дайынбыз. Алматы бизнес пен өнер, мәдениеттің ортасы, ең ірі мегаполис, сондықтан алдағы уақытта үлескерлік мәселесін шешу, энергетика, газдандыруға атсалысуға дайынбыз. 2-3 жылда Алматы энергетика тапшылығынан толық құтылатын болады. Экология бойынша ЖЭС-2 модернизациялауға қатысудамыз. Газбен қамту бойынша биылғы қыста Алматы Қытайға тартылған газ құбырының есебінен газдандырылды. Алдағы уақытта Батыс Қазақстаннан оңтүстікке тартылатын құбыр желісі құрылысы жүзеге асырылады. Оның басты мақсаты - Алматыны газбен қамту болады. Ал шағын және орта бизнесті қолдау бойынша «Самұрық-Қазынаға» қарасты ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық үлесті арттыру мақсатында Алматы қаласының кәсіпкерлерінен өнім сатып алуды 200 миллиард теңгеге жеткізу көзделіп отыр»,- деді Т. Құлыбаев.

Кеңес барысында қала әкімінің орынбасарлары Ербол Шорманов пен Виктор Долженков үлескерлік құрылыс пен газдандыру, энергетика бойынша есеп берді. Виктор Долженковтың айтуынша, Алматыда болған 16 мыңнан астам үлескердің 12 мыңының мәселесі шешілген. «Қалған үлескерлерді үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда»,- деді В.Долженков. Ербол Шормановтың айтуынша, электр желілерінің 50 пайызы ескірген, сондай-ақ газдандыру бойынша бірқатар жұмыстарды атқару күтіп тұр. «Бұл ретте қала әкімінің тапсырмасымен 3 жылда Алматыны толық газдандыру жүргізілуде. Алдағы 2 жылда бұл жұмыстар толық аяқталатын болады»,- деді қала әкімінң орынбасары.

Соңғы жаңалықтар