«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры мен Қарағандының Құрылыс салушылар және құрылыс материалдарын өндірушілер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Бүгін Қарағанды облысының әкімдігінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен Қарағандының Құрылыс салушылар және құрылыс материалдарын өндірушілер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстың алты кәсіпорнымен: «Central Asia Cement» АҚ-мен, «Сантехөнеркәсібі» ЖШС-мен, «Kaztherm» ЖШС-мен, «Keratek» ЖШС-мен, «Eurasiaflor» АҚ-мен, «Азия Метиз» СҮ» ЖШС-мен келісім жасалды. Оның басты мақсаты - отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету және ұлттық компаниялардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық үлесті арттыру болып табылады. Осы құжаттарға қол қою рәсіміне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Расул Оразғұлов, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ермек Әлімов, «Құрылыс салушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Асхат Омаров, кәсіпорындардың басшылары қатысты.«Қарағанды облысының Астанаға жақын орналасуы және сіздердің нысандарға құрылыс материалдарын жеткізіп беру мүмкіндіктері біздерді қызықтырады», ? деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарушы директоры Айсұлтан Ақшөрин журналистермен болған сұхбатта.«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу және қадағалау агенттігінің бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында 2009 жылғы наурызда құрылды. Оның басты мақсаты Астана мен Алматы қалаларындағы құрылысы аяқталмаған тұрғын үй нысандарын аяқтау, үлескерлердің мәселелерін шешу болып табылады.
Соңғы жаңалықтар