«Самұрық-Қазынаның» бейінді активтеріне сұраныс төмен болып тұр - Ө.Шөкеев

АСТАНА. ҚазАқпарат -- «Самұрық-Қазына» қорының бейінді активтеріне әлемдік дағдарыстың салдарынан сұраныс төмен болып тұр. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясында аталған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев айтты.
None
None

«Біз 500 бейінді емес активтен құтылдық. Олар негізінен шипажайлар, спорттық базалар және басқалары. Яғни, бұл жұмыстар толығымен жүргізілді. Осыдан кейін біз бейіндік активтерді сатуға кіріскен едік. Бізде «Yellow Pages» ережесіне сәйкес жеке сектор бола алатын өте көп компаниялар бар. 106 активтің тек 38-ін, оның ішінде халықтық ІРО арқылы «КЕГОК» пен «ҚазТрансОйлды» сата алдық. Қалғанын сатқан жоқпыз. Өйткені, дағдарыс болды, сұраныс төмен», - деді ол.

Сонымен қатар басқарма төрағасы ұлттық қордың активтерін сатуға кедергі болатын өзге де себептерді атады.

«Екінші себебі, біз баланстық құнына байланысты активтерді бағасын төмендете алмадық. Сондықтан жұмысымызды өзгерттік және 2016-2020 жылдарға жария етілген жекешелендірудің жаңа толқыны бұл тәжірибелердің барлығын қамтиды, заңнамаға өзгертулер енгіздік, ережесін әзірледік. Енді қазіргі уақытта аталған активтерді сатуға кірісеміз», - деді Ө.Шөкеев.

Оның атап өтуінше, жекешелендіру жүргізу барысында 30-дан астам елдің тәжірибесі зерделенген.

«90-шы жылдардағыдай нысандарды жекешелендіруге болмайды деп санаймыз. Өйткені, қазір заман басқа, социум, инвесторлар өзгерді. Қазір аукционға келіп, сол жерден қандай да бір активті сатып алу ешкімді де қызықтырмайды. Ол (инвестор - ескерту) ашық, тұрақты мәміле жасағысы келеді. Қазір дәл осылай жұмыс істейді», - деп атап өтті қор басшысы.

Соңғы жаңалықтар