Сандықтау ауданында балғындар арасында «Күміс нота» байқауы өткізілді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданында жас орындаушылар арасында «Күміс нота» дәстүрлі байқауы мәреге жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірдің 70 жылдығына орайластырыла өткізілген бұл жолғы байқауға 6 - 17 жас аралығындағы жас өнерпаздар қатысып, бақтарын сынады. Әр шығармада туған жер, Отан, жастық шақ, ерлік пен достық тақырыптары кеңінен қамтылған. Қазылар алқасының ұйғарымымен отызға тарта орындаушы арасынан Лесной селолық округінен Кристина Вострикова мен Белгородский селолық округінен Сережа Шоляк «Ең жас өнерпаз» аталымында топ жарды. Ал Максимовка округінің өкілі Юна Васильцова қазақ әнін нақышына келтіре орындап, лауреат атанса, гран-при жүлдесі Балкашин селосынан келген Санжар Рыдуннің еншісіне тиді.
Соңғы жаңалықтар