Сандықтау тұрғыны «ЖҚЖК - 2020» мембағдарламасының көмегімен мал шаруашылығын дамытуда

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Елена Карпованың айтуынша 52 жастағы Сергей Стороженко осыған дейін жұмыссыз жүрген. Кейін аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, мамандардан кеңес алған.
«Біздің мамандар Сергейге «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысып, өз кәсібін ашуға ақыл-кеңес берді. Кейін аталған бағдарлама арқылы 3 миллион теңге несие алды. Бұл қаржыға ол 70-ке жуық шошқа сатып алып, күтіп баптады. Бүгіндері мал басы көбейіп, кәсіпкер 6 тоннадан астам ет сатты. Алдағы уақытта кәсіпкер шаруашылықты кеңейтіп, тұрақты жұмыс орнын ашуды да жоспарлап отыр», - дейді Елена Карпова.
Еске сала кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынғаннан бері Сандықтау ауданында 145 адам 329 миллион теңгенің несиесін алып, 176 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.