20:20, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Сандықтаулық кәсіпкер он баланы мектепке дайындады
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданының Сандықтау ауылдық округінде жеке кәсіпкер Александр Белуха он баланы мектепке деген қажеттілігімен қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мектепке жол» іс-шарасы аясында «Белуха» шаруа қожалығының жетекшісі өзі тұратын ауылдағы тұрмысы төмен он отбасының оқушысының киім-кешегіне, оқу құралдарына, басқа да қажеттеріне тиісті мөлшерде қаржы бөлді. Аудандық мәслихат депутатының мұндай қайырымдылық қолғабысы бірінші рет емес. Ол жыл сайын өңірдегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, Сандықтау, Приображенская, Новоромановка ауылдық білім ошақтарының қажетіне қаржылай, материалдық қолдау көрсетіп отырады. Әр атаулы күн, мерекелік шаралар оның қатысуынсыз өткен емес.
Жалпы аудан бойынша «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастауымен жүзеге асырылған «Мектепке жол» іс-шарасы аясында 150-ге тарта тұрмысы төмен отбасылардың балғындарына көмек қолы ұсынылған.