Сандықтың астынан героин есірткісі табылды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - 15 сәуір күні сағат 14.00 шамасында Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Центурион атты қызметтік іздестіру итін пайдалана отырып,
None
None

жедел іздестіру шараларын жүргізді, деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Оның барысында, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосында 1983 жылы туған ауызша айтуы бойынша Түрікменстан республиксының азаматы Е. тұрып жатқан үйінде тексеру барысында бөлме бұрышында тұрған ағаш сандықтың астынан полиэтиленге оралған өзіндік иісі бар, ақ түсті түйіршіктелген ұнтақ зат және төрт бұрыштап қиылған алты дана ақ қағаз қиындылары табылды.

Сот-химиялық сарптамасының шешімі бойынша азамат Е. алынған зат салмағы 1,8825 грамм болатын героин екені анықталды.

Аталған деректер Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде 15.04.2011 жылы арыздар тіркеу кітабына тіркеліп, азамат Е. үстінен ҚР ҚК 259-бабының 1-1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум