Санкцияларды БҰҰ-ның Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы әрекет ретінде өз бетімен қолданылуын болдырмау қажет - Н.Назарбаев
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Халықаралық құқықтың қадірінің азаюы мен жаһандық институттар рөлінің әлсіреуі қауіпті сын-қатер болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы дүниежүзілік соғыстар мен әскери қақтығыстардың миллиондаған құрбандарының қанымен жазылғанын ұмытпау маңызды», - деді ҚР Президенті.
Қазақстан Көшбасшысы өз сөзінде оның баптарының, әсіресе, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі баптарының қандай да бір бұзылуы адамзатты өткеннің қасіретті қателігін қайталауға ұрындыратындығын баса айтты.
«Санкцияларды Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін әрекет ретінде бағалап, олардың өз бетімен қолданылуын болдырмау қажет.
Миллиондаған адамдардың игілігіне ықпал ететін халықаралық санкциялар қолдану құқығы Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше құзырында болуға тиіс деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Елбасы бұл қағидаттарды сақтамау қазіргі әлемдік тәртіптің негіздерін ыдырататындығын, «қырғи-қабақ соғыстың» сарқыншағына айналатындығын атап өтті.