Санкт-Петерборда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің таныстырылымы табысты өтті

СТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор қаласында өткен ТМД елдері және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеялары және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Парламенттік Ассамблеясының (ҰҚШҰ ПА) бірқатар маңызды шараларына қатысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған делегация кеше түнде Астанаға оралды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған форумның соңғы күні, яғни сәуірдің 8-інде Қазақстан парламентшілері Санкт-Петербордағы Пискарев мемориалдық зиратына гүл шоқтарын қойып, тағзым ету рәсіміне қатысты. Аталған бауырластар зиратында 120 ұлт өкілдерінен тұратын 460 мыңдай адам жерленген. Олар Ұлы Отан соғысының ең қаһарлы жылдарында Ленинград қаласын жаулардан қорғауда қаза тапқан. Осы жерде жерленген қазақстандық жауынгерлердің тізімі жазылған мемориалдық белгіге парламенттік делегация тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Бейсенбі күні Таврия сарайында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Еуропалық қауіпсіздіктің келешегі» атты халықаралық парламенттік конференция болып өтті. Онда Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов баяндама жасады.

Сондай-ақ сол күні Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің таныстырылымы табысты өтті.

Соңғы жаңалықтар