08:41, 05 Қазан 2010 | GMT +5
Санкт-Петерборда өтетін конференция барысында экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл талқыланатын болады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазанның 14-і күні Петерборда «Экстремистік қызметке қарсы іс-қимылдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер ынтымақтастығы жетілуінің тұжырымдылық негіздері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияны Ресей Федерациясы Федеральді жиналыс федерация кеңесі комитетінің төрағасы Виктор Озеров пен қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері жөніндегі ТМД-ға мүше мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Тұрақты кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясы Федеральді жиналыс Мемлекеттік думасының депутаты Виктор Войтенко ашады, деп хабарлайды ТМД Парламентаралық Ассамблеясының баспасөз қызметі.