Санкт-Петерборда ТМД мәселелері бойынша бірқатар үлкен шаралар өтуде

САНКТ-ПЕТЕРБОР.   Желтоқсанның  2-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/  -  Бүгін  Санкт-Петербордағы  Таврия сарайында   бірнеше   үлкен  өкілетті  шара  ашылды.   
None
None

Атап айтқанда,   Тәуелсіз  мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің  Парламентаралық  ассамблеясының  33-ші жалпы отырысының  қарсаңында     онда Ассамблея   Кеңесінің мәжілісі,  сондай-ақ,    Ұжымдық қауіпсіздік  шарты  ұйымы Парламентаралық Ассамблеясы  кеңесінің  мәжілісі   өтеді.

ТМД  Парламентаралық  Ассамблеясының    баспасөз   қызметінен   хабарлағандай,  Кеңес  мәжілісінде    Қырғызстан  мен  Молдовадағы     сайлаудың   қорытындылары,   Украинада өтетін  сайлау    сияқты  мәселелер    қаралады. Ал  Грузия  парламентінің  ТМД Парламентаралық    ассамблеясының мүшелігінен  шығу мәселесі     мәжілістің   жеке тақырыбы  болады:  қаңтар  айында    елдің   аталмыш    ұйымнан шығу  туралы  өтініші  қаралады.

Кеңес  сондай-ақ, Достастық  елдерінің  шекара ынтымақтастығы  туралы конвенциясына  қосымша ережелер     қабылдайды.  Былтыр қол қойылған  конвенция  күшіне енді,   бірақ ол  толыққанды  жұмыс істеуі  үшін,     аймақтар өзара     жасайтын  үлгілік келісімшарттарды  мазмұндайтын қосымша  құжаттар  қабылдануы тиіс.

 Ал Ұжымдық қауіпсіздік  шарты  ұйымы Парламентаралық Ассамблеясы  кеңесінің  мәжілісінде   маусым  айындағы  сессия шешімдерінің  орындалу  барысы  қаралады,    ұжымдық  қауіпсіздік саласындағы заңнамаларды   үйлестіру  тұжырымдамасының  жобасы,  басқа да  мәселелер       талқыланады.

Соңғы жаңалықтар