11:03, 12 Мамыр 2023 | GMT +5
Санжар Әділов Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Санжар Әділов тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жеке құрамға жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Санжар Аскенұлы Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын тергеуші болып бастаған.
Осы тағайындауға дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы қызметін атқарды.