Сарапшылар ЕАЭО елдері АӨК бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы комиссиясымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.
None
None

Шараға Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей агробизнесіінің, уәкілетті органдарының және АӨК саласындағы ғылыми мекемелерінің 60-тан астам өкілдері қатысты, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

Қатысушыларға құттықтау сөзінде ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешені жөніндегі алқа мүшесі (министрі) Сергей Сидорский ЕАЭО туралы қолданыстағы шартта еуразиялық кеңістіктегі бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін барлық жағдайлар көрсетілгенін атап өтті.

«АӨК дамытудың оңтайлы стратегиясы өз күштері мен ресурстарына иек арту, үздік ғылым жетістікерін пайдалану, ішкі өндірісті дамытуды ынтыаландыру, сондай-ақ импорт ресурстарын алмастыруды ескере отырып, трансшекаралық нарықтарда кооперацияны дамыту және астықты тереңдете өңдеуді дамыту болуға тиіс, - деді ЕЭК министрі. - Қазіргі кезде бизнестің рөлі арта түсуде. Бизнеспен келісіп алмайынша, комиссия бірде-бір шешім қабылдамайды». Дөңгелек үстелге қатысушылар одақ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту ықпалдастық үдерістермен, кейбір қатысушы-елдердің ішкі дамуын, сондай-ақ сыртқы саяси ахуалға байланысты жаңа жағдайларды ескере отырып, өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты дамытуда жатқанын атап өтті. Сондықтан да бұл орайда бәсекеге қабілеттілік мамандандыру мәселелерімен тығыз байланысты. ЕАЭО елдерінің алдында негізгі ауыл шаруашылығы тауарлары (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, қант және т.б.) өндірістерін дамыту жоспарларын үйлестіру міндеттері тұр, сондай-ақ дәстүрлі бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарын, ішкі нарық сыйымдылығын және экспортты дамытуые есепке алу қажет. «Біз ең алдымен заманауи және тиімді азық, жемазық қоспалары өндірісін, биологиялық және химиялық препараттар (ветеринарлық препараттар, өісімдіктерді қорғау құралдары) өндірісін жолға қоюымыз қажент», деп атап өтті Сергей Сидорский.

Агробизнес өкілдеріне комиссия ЕЭК шешімдерін ұлттық құқыққа әкімшілендіру қағидаларын үйлестіру мәселелерін пысықтауды ұсынды. Шараға қатысушылар ЕАЭО ауыл шаруашылығы тауарларының бәсекеге қабілеттілігін үшінші елдерге қатысты сыртқы нарықтарда бірыңғай өлшемдермен бағалау жөнінде ортақ пікірге келді.

Дөңгелек үстел қатысушылар отырыс қорытындыларын оң бағалай отырып, одақ елдерінің АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ықпалдастықты одан әрі дамытуға бағытталған шешімдер қабылдау мақсатында ұсыныстарды талқылау үшін жиі кездесулер өткізу қажеттігі жөнінде уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар