16:29, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Сарапшылар Қырғызстанның Кеден одағына қосылуының экономикалық әсерін бағалады
МАТЫ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы еуразиялық экономикалық кеңістік үшін жағымды экономикалық әсер береді. Бұл Еуразия даму банкі Ықпалдастықты зерттеу орталығының бастамасы бойынша Ресей ғылым академиясының Ұлттық даму институты мамандарымен бірлесіп жүргізілген зерттеу кезінде анықталды.

Ықпалдастықты зерттеу орталығының директоры Евгений Винокуровтың айтуынша, Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуына қатысты бұл техникалық талдау мемлекетаралық келіссөздер сандармен бекітілуі үшін керек. Зерттеу Кеден одағына қосылу Қырғызстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелігіне жағымды және жағымсыз әсерлерін де көрсетті.
Сәуір айында Қырғыз Республикасы Үкіметі Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылу үдерістерінің басталуы туралы шешім қабылдаған болатын. Ал тамыз айында Еуразия даму банкінің толық құқықты мүшесі болды.