10:41, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Сарапшылар теңге девальвациясын Қазақстан Ұлттық банкінің ойға қонымды қадамы деп санайды - ПРАЙМ-ТАСС
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» айдар аясында оқырмандар назарына ПРАЙМ-ТАСС агенттігінің материалын ұсынамыз.

Ресейлік сарапшылар теңге девальвациясын Қазақстан Ұлттық банкінің ойға қонымды қадамы деп санайды.«Қазақстанның ақша саясаты ресейлік ақша саясатымен тығыз байланысты. Теңге бағамы ресейлік рубльдің динамикасына ұқсас болды. Соңғы 1,5 айда Ресейде ұлттық валюта белсенді девальвацияланды. Қазақстан Ресейден үлгі алуы керек болды, теңгені 18 пайызға девальвациялап, солай істеді де. Бұл дұрыс қадам. Бұл қадам макроэкономикалық ауытқуларға ұшырамас үшін жасалып отыр», - деді ПРАЙМ-ТАСС агенттігіне берген сұхбатында «Тройка Диалог» инвестициялық компаниясының бас экономисі Евгений Гавриленков. 2009 жылғы ақпанның 5-інен бастап Қазақстанның Ұлттық банкі теңгені бұрынғы дәлізде ұстап тұрудан кететінін жария етіп, ұлттық валютаның айырбас бағамының жаңа деңгейі қажет екенін мәлім етіп отыр. Теңгенің айырбас бағамы 3 пайыз немесе 5 теңге тербеліспен доллар үшін 150 теңге шамасында болады деп пайымдалуда. Е.Гавриленковтың айтуынша, Ресейдегі девальвация, Қазақстандағы үрдістей бүгінгі ахуалдың шын жағдайын көрсетіп отыр, нақты айтқанда мұнай бағасының арзандауынан туындап отыр. Мұнай бағасы 2008 жылдың ортасында шарықтау шегінде жеткен бағамен салыстырғанда 4 есеге төмендеді. Мұнай бағасының мұншалықты құлдырауы төлемдік теңгерімді және сыртқы қарыздар төлемінің жиынтығын қысып, Ресей де, Қазақстан да, валюта рыногындағы жағдайды күрделендіріп жіберді. Әлсіз ұлттық валюта - рубльдің де, теңгенің де, төлемдік теңгерімін жақсартуға мүмкіндік беруі керек». Жаһандану проблемалары институтының ғылыми жетекшісі Михаил Делягин де Е.Гавриленковпен келісіп отыр. Ол, «бұрнағы жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап 2008 жылдың қыркүйек айына дейін рубль 30 пайыздан астамға девальвацияланып, ал одан кейін бұл үрдіс Ресейдің Орталық банкі жария еткен қалыпты деңгейде жалғасқанын» еске салды. «Қазақтар да бізді қайталап отыр, сондықтан да теңге девальвациясы (18 пайыз) қонымға қонатын шара», - дейді ол.