Сарапшылар ядролық қауіпсіздік саммитін Қазақстанда өткізу бастамасын құптады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық дәрежедегі саммитті Қазақстанда өткізу бастамасын Ресей сарапшылары қолдап отыр, деп хабарлады www.24.kz.

Саясаттанушы әрі жазушы Дмитрий Верхотуровтың айтуынша, Қазақстанда жаңа пікір алаңы қалыптасса, ол ядролық қауіпсіздік мәселелерін талдауда әлемдік державалардың басын біріктіріп, келеңсіздіктердің алдын алар еді. Айта кету керек, көрші Ресей елі бұл жолы аталған саммитке қатысқан жоқ.

«Қазақстан - бұрынғы Семей полигонының салдарынан ядролық қауіпсіздік мәселесі өзекті тұрған аймақ. Оған қоса Қазақстанда уран өндіру және өңдеу саласында тәжірибе қалыптасқан. Арнайы мамандары да бар. Ядролық сынақтардан зақымданған жерлерді зарарсыздандыру мен зардап шеккендерге көмекті көбейту бастамасы өте құптарлық ұсыныс деп ойлаймын», - деді  саясаттанушы Дмитрий Верхотуров.

Соңғы жаңалықтар
telegram