Сәрсенбіде Сенаттың жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтеді
Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне бюроның ұсынуымен бірқатар мәселелер шығарылып отыр. Атап айтқанда, жиын барысында «Қазақстан Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Жәрдем көрсетуді жеңілдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобалары талқыланбақ.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бірінші оқылымда талқыға түспек.
Сонымен қатар, палата отырысында Сенат депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу туралы мәселелер де қаралатын болады.