08:28, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сары аяз павлодарлық оқушыларды үйлерінен шығармай отыр
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысына қатты аяз келді - кешелі бері мектептер мен лицейлерде, сондай-ақ колледждерде оқушылар мен бірінші курстықтар үшін сабақтар тоқтатылды.

Павлодарлық гидрометеорология орталығының хабарлауынша, бүгін облыстың солтүстік аудандарында - минус 43 градусқа дейін, ал қалада - минус 36 градусқа дейін суық болады. Төтенше жағдайлар қызметі автокөлікпен қыдырушыларға үйлерінде қалуға кеңес беруде.
Орталық қызметкері Галина Шактың айтуынша, ертең аяздың беті қайтып, термометр бағамы 20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Метеорологтардың болжамынша, Жаңа жылды павлодарлықтар жайлы жағдайда тойлайтын болады - қатты аяз болмайды.