18:39, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Сарыарқа» ӘКК қаржылық қоржыны Қарағанды облысы бойынша жер қойнауын игеру саласындағы 39 жобаны қарастырады
АРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ жер қойнауын пайдалану саласындағы Қарағанды облысы бойынша инвестициялық қоржынында 39 жоба бар, оның 15-і бойынша бірлескен кәсіпорындар құрылды.
Ол туралы осы компанияның атқарушы директоры Владимир Лисин айтып берді. Бүгінгі күні жер қойнауын пайдалану саласында ӘКК Қарағанды облысы бойынша инвестициялық қоржынында 39 жоба бар, деді ол. Оның 15-і бойынша бірлескен кәсіпорындар құрылды, оның ішінде 11-і - қатты пайдалы қазбалар бойынша, 4-уі кең тараған пайдалы қазбалар бойынша.
Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Серік Ахметов «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығына жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмысты ширатып, келешегі зор барлық кен орындарын оларды жеделдетіп өндірістік үрдіске тарту мақсатында бақылауға алуды ұсынды.