Сарысу ауданының Жаңатас қаласында балаларға арналған жаңа шағын-орталық ашылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Сарысу ауданының Жаңатас қаласында балаларға арналған жаңа шағын-орталық ашылды.
None
None

Сарысу ауданының әкімі Бекболат Орынбековтың айтуынша, осы уақытқа дейін кеншілер қаласында бір ғана балабақша болып, ол мектепке дейінгі білім проблемасын шеше алмады.

Қаланың ықшамаудандарының бірінде орналасқан Абылай хан атындағы мектеп жанында ашылған жаңа шағын орталық 50 орынға бейімделген.

Жол картасы аясында мектеп ғимаратының блоктарының біріне қайта құру жұмыстарын жүргізуді тараздық «Сити Құрылыс» ЖШС өз мойнына алды. Қазір ғимараттың аталмыш бөлігінде жаңа жылыту жүйесі, жаңартылған есіктер мен терезелер, дабыл қондырғысы орнатылған.

Барлығы Жамбыл облысында 136 балабақша мен 96 шағын орталықта 24 387 бала тәрбиеленуде.

2009 жылы аймақтағы балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің қатарын бір балабақша мен 530 орынға бейімделген төрт шағын орталық толықтырды.
2010 жылы 6 355 орынға мемлекеттік тапсырыс аясында балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мақсатында 358,3 млн. теңге игеру жоспарланып отыр.

Жыл аяғына дейін балалар бақшаларына 3 435 бала жолдама алады. Өткен жылмен салыстырғанда балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету 33,5 пайыздан 43,4 пайызға дейін арттырылмақ, бұл шамамен 10 пайыздық көрсеткіш.

Соңғы жаңалықтар