Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Халықаралық институттық бағалаудан өткен отандық тұңғыш университет

АЛМАТЫ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Сәтбаев атындағы ҚазҰТУі Еуропалық университеттер қауымдастығындағы (EUA) Халықаралық институттық бағалаудан өткен Қазақстандық алғашқы және жалғыз ЖОО болып отыр.
None
None

EUA қауымдастығы - бұл Еуропалық жоғары білім беру аймағын Болондық үрдіс аясында дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновация, жоғары білім мен ғылымның интернационализациясы, университеттер сапасын дамытудағы Еуропаның негізгі ЖОО-ларының бірлестігі болып табылады.

EUA Еуропа үшiн мықты университеттерді ЖОО-ны дамытуға қолдау көрсетілген нақты тапсырмалар арқылы бағалайды. Бұл тапсырмалар байланыстар, конференция, семинар, жобалар мен Халықаралық бағалау бағдарламалары арқылы жүзеге асады.

ҚазҰТУ Қазақстанның техникалық университеттері арасында көш бастап тұр. 21 мамандық бойынша білім беретін бұл оқу орны шетелде білім беру бағдарламалары бойынша аккредитацияланған әрі халықаралық агенттіктерде де аккредитацияланған.

Соңғы жаңалықтар