Сәтбаев қаласы «Қазақмыс» корпорациясының Анненский кенішінде жұмысшы адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігінің Анненский кенішінде өткен жексенбі күні қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

«2010 жылғы тамыздың 15-і күні, сағат 04.00-те қазба бөлімнің жабынын сылау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезінде үстіне кен қабырғасының бір бөлігі құлап кетіп, үйінді астында қалған 1975 жылы туылған сылақшы қаза тапты», - деп ақпараттандырды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар