07:50, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Сәтбаев қаласында көпқабатты үйде болған өртте ер адам көз жұмды
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - 1 наурыз күні сағат 21.53-те Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында, төрт қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабаралады.
Өрт сағат 22.17-де сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 16 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 1 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерде 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды.