07:24, 27 Қараша 2014 | GMT +5
Сәтбаевта жабық стадионның қатты желдің салдарынан зақымданған күмбезі жөнделді
ҚАРАҒАНДЫ.ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласындағы спорт-сауықтыру кешенінің футбол алаңындағы зақымдалған күмбезді қайта өңдеу мен орнату үшін Қазақмыс 200 мың доллар көлемінде қаржы бөлді.

Славяне компания өндірушілерінің және кен, фабрика жұмыскерлерінің жұмыла еңбек етуі арқасында екі апта ішінде қайта өңдеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Қазақмыс корпорациясының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылғы мамыр айында қатты желдің салдарынан Сәтбаев қаласында Спорттық-сауықтыру кешені футбол алаңының күмбезі зақымданған болатын. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы бұл ғимаратты қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.
«Екі апта бойы ауқымды жұмыс жүргізілді. Енді желтоқсан айындағы мерекелік спорттық ойындар қайта өңделген күмбез астында өтеді. Алаңда Қазақмыс өндіріс ұжымы мен балалар тобының арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылады», деп атап өтті «Қазақмыс-спорт» директоры Нұрлан Алтынбеков.