08:01, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
«Сатбор» ЖШС Жұбан Молдағалиевке ескерткіш орнату үшін 2,4 млн. теңге аударды
ОРАЛ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен қзақтың көрнекті ақыны, майдангер, мемлекет және қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр.
Ақжайық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Лұқпановтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ақынға ескерткіш орнату үшін аудан аумағында кенішті игеріп жатқан «Сатбор» ЖШС ( басшысы Талғат Қасенов ) 2,4 млн. теңге аударды. Бұл ақын бейнесін мәңгі есте қалдыру жолындағы бір қадам болмақ.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстанда Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына әзірлік шаралары қызу жүргізілуде.